Бүгін көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл.
ҚАЙЫРБЕКОВ ҒАФУ -(15.08.1928- 03.11.1994 ) Жангелдин ауд. Торғай а.т. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, "Жазушы" баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. 1968-1973 жж. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында жетекшілік етті. 1973-1989 жж. "Жұлдыз" журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның "Құрдастар" атты тырнақалды жинағы жарық көрді. "Дала қоңырауы" (1956) поэмасы, "Жер астындағы жұлдыздар" (1965), "Қанатты жылдар" (1973) сияқты жинақтарын, "Беласар" атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. "Жұлдызды тағдырлар" не атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оның қаламынан "Елтінжал", "Ақ желкен", "Үш қиян" повестері, талай-талай мақала, очерктер туған. Рудакидің, Байронның, Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Шевченконың, Мақтымқұлының, Л.Толстойдың, Куприннің, Короленконың, Буниннің, Есениннің, Ғамзатовтың және басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды. Көптеген әңдердің өлеңін жазған. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980). Халықтар Достығы орденімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1292-b-gin-k-rnekti-a-yn-aza-stanny-khaly-zhazushysy-afu-ajyrbekovty-tu-anyna-95-zhyl.html#sigFreeId89034fc6cd
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1292-b-gin-k-rnekti-a-yn-aza-stanny-khaly-zhazushysy-afu-ajyrbekovty-tu-anyna-95-zhyl.html#sigFreeId89034fc6cd