Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 19 тамыз Асқар Байжұмановтың туған күні
Бүгін 19 тамыз Медицина қызметкері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Асқар Байжұмановтың туған күні.
БАЙЖҰМАНОВ АСҚАР - (19.08.1939 ж.т., Жангелдин ауд. Шилі а.) – медицина қызметкері,  КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі (1974ж), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері (1980ж), Арқалық қ-ның Құрметті азаматы (1999ж). 1964 ж. Алматы мемл. медицина ин-тын бітірген. Еңбек  жолын Жангелдин ауд. ауруханасында бастап, 1964 жылдан 1971 жылға дейін хирург, бас дәрігер болып істеді. Өлкеде Торғай обл-ның ұйымдастырылуына байланысты Арқалық қ-на қызметке шақырылып, Торғай обл.ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі (1971-91), облыстың бас хирургі (1991-1997ж),  Арқалық  қ-ғы орт. аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (1997-2004ж) болып  істеді. Б. 1994 ж ҚР-ның ІІ сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек  Қызыл Ту орденімен марапатталған.