Туған күніңіз құтты болсын! Ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз
ЖҰМАҒАЛИЕВА БӘТЖАН МҰҚАНҚЫЗЫ -(10.09.1947 ж.т., Жангелдин ауд., Қызыләскер а.) – химия ғылымдарының кандидаты, проф. 1970 ж Қазақ ұлттық ун-тінің химия ф-тін бітірген. Еңбек жолын Қазақстан геол. басқармасында инженер-химик болып бастаған. 1986 ж «Сұйық амальгамалардың оттекті коррозиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1996 ж жоғары аттестац.комиссиясының шешімімен доцент атағын алды. 1977 жылдан А.Байтұрсынов атын. Қостанай мемл. Ун-тінің проф. 1978-89 ж Торғай обл. химияландыру жобалау-зерттеу ст-нда бөлім бастығы болып істеді. 1989-93 ж Ы.Алтынсарин атын. Арқалық пед. ит-тында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 1997 жылдан Қостанай мемл. ун-нің проф. Қызметін атқарып келеді. 2001 ж ун-тің жыл оқытушысы атанды. Қырықтан астам ғыл. Еңбектері мен әдістемелік құралдары жарық көрген.
Бүгін химия ғылымдарының кандидаты , профессор Жұмағалиева Бәтжан Мұқанқызының туған күні!