Жобаның мақсаты:
- этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет саясатын іске асыру;
- ұлтаралық келісім мен халық бірлігін нығайту және сақтау, қоғамды біріктіру;
- қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және насихаттау;
- облыс аумағында тұратын этностар арасындағы ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және ескеру;
Ардагерлер Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, батыр Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, ағартушы Ы.Алтынсарин музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың музей-үйін, жиһангез саяхатшы Әліби Жангелдин Тоғжанұлы музейін аралады.
Ы. Алтынсарин музейінде Қоғамдық келісім Ақсақалдар кенесінің мүшелері Торғай жастары, оқушыларымен кездесу өткізді.