Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы
10 қазан- Кәсіподақ мерекесіне орай музей зейнеткері Бидашева Ақзада Сейітқазықызы «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы » ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрайымы Ү.Б. Әкімбаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Бидашева Ақзада Сейітқазықызы 1954 жылы 19 қыркүйек күні Ақтөбе облысы Шалқар қаласында туған. 1972 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы Торғай орыс орта мектебін бітіріп. 1973-1990 жылдары алғашқы еңбек жолын Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газеті редакциясында корректор қызметін атқарды, 1991-2013 жылдары Торғай мұражайлар кешенінде ғылыми қызметкер, бас қор сақтаушы қызметінде 22 жыл еңбек атқарып, зейнеткерлікке шықты. Жұмыс істеген жылдары өзін сауатты кәсіби маман ретінде көрсетті. 15 жылдан астам уақыт мекеменің кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарды. Кәсіподақ төрайымы міндеттерін орындауда жауапты, әрқашан ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайының өз назарында ұстап,қызметкерлермен ілтипатты және сыпайы, жеке және кәсіби сипаттағы мәселелерді шешуде көмек көрсетуге әрқашан дайын тұратын және кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде ұжымдағы еңбек қызметі мен өзара қарым-қатынас мәселелерінде ымыралы шешімдер табуға тырысатын. Ақзада Сейітқазықызы ұжымда үлкен құрметке ие, бастамашыл, өзінің еңбек және кәсіподақ міндеттерін адал атқарды. Кәсіподақ ұйымының мүшелері және балаларына мәдени іс шаралар ұйымдастырып тұрды. 4 баладан 12 немере сүйіп отырған аяулы ана, ардақты әже. Музей қызметінде өте жауапты, білімді, тәжірибесі мол маман болды.