Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 15 қазан, мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорданың Торғай кеңесінің мүшесі Тоқтабаев Кәрім Досжанұлының туған күні.
Бүгін 15 қазан,  мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорданың Торғай кеңесінің мүшесі Тоқтабаев Кәрім Досжанұлының туған күні.
ТОҚТАБАЕВ КӘРІМ (ҒАБДҰЛКӘРІМ) ДОСЖАНҰЛЫ – (1892-1936 жж) бұрынғы Торғай оязы Шұбалаң болысында дүниеге келді. Мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорданың Торғай кеңесінің мүшесі. Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, Қостанай қ. уч-щесін, 1909 ж Орынбордағы мұғалімдер әзірлейтін жоғары мектепті бітірген. Алдымен Тосын болыстық мектебінде, 1912 жылдан бастап Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде физика мен математикадан дәріс берді және оның меңгерушісі болды. 1916  жылғы көтеріліске қатысқаны үшін 2-3 ай түрмеде отырды. Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысына белсене араласып, оның Торғай кеңесінің мүшесі болды. Алаш үкіметі мен Алаш партиясы таратылғанан кейін кеңестік мекемелердің жұмысына араласты. Т. 1919-21 жылдары Семей губ. халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1921-22 жылдары Көкшетау оязының азық-түлік комиссары қызметтерін атқарды. Қазақ ОАК-нің саяси науқаны-Қызыл керуеннің жұмысына ат салысты. 1922-24 ж Қазақ АКСР Халық ағарту комиссарының орынбасары, Саяси ағарту істері бас басқармасының бастығы, 1925-27 жылдары Семей губ. кеңестері атқару к-нің төрағасы, 1927-31 жылдары Қазақ АКСР Халық ағарту, егіншілік комиссары болып істеді. 1931-33 жылдары КСРО БРОАК жанындағы Қазақстан өкілі болды, Алматы обл-ндағы «Дегерес» қосалқы шаруашылығын басқарды.