Бүгін 20 қазан журналист Анар Төлеуханқызының туған күні. Сізді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! ТӨЛЕУХАН АНАР – 20.10.1961 жылы Жангелдин ауданы Ақшығанақ, қазіргі Шақшақ Жәнібек ауылында туған. Ұстаз, журналист. Ы.Алтынсарин атын. Арқалық пед. ин-тын, Л.Гумилев атын. ұлттық ун-тті бітірген. Журналистік қызметін Торғай обл. «Торғай таңы» газетінде 1989 ж бастап, 1993-97 ж аралығында Торғай, Қостанай обл. теледидарларында, 1997-2001 ж «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында еңбек етті. Қазір респ. «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет атқарады. Анар Төлеуханның Елорда тарихына қатысты «Тарихтан тәбәрік» тарихи-танымдық хабарлар топтамасы 1998 ж Астана қ-ның әкімі жариялаған байқауда жүлде алды. Журналистің туған жер, Торғай аймағының бай тарихы мен белгілі тұлғалары жайлы танымдық материалдары респ. басылымдарда жарияланды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1367-b-gin-20-azan-zhurnalist-anar-t-leukhan-yzyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId04b48825d0