Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

10-11 қараша Торғай жерінде торқалы той өтті

10-11 қараша Торғай жерінде торқалы той өтті. Шақшақ Жәнібек тарханның 330 жылдығы, ақын Нұрхан Ахметбековтың туғанына 120 жыл, Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 105 жыл, Ғафу  Қайырбековтың туғанына 95 жыл, композитор Болат Хамзиннің туғанына 85 жыл және Жангелдин ауданының 95 жылдығы, Торғай қаласының 155 жылдығына арналған мерейтой барысы Шақшақ Жәнібек батыр музейін, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін, халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың музей үйін аралап, ақын Қайнекей Жармағанбетовтың ескерткіштерінің басына гүл шоқтарын қойды. Нұрхан Ахметбеков мәдениет үйінде “Ел тұғырын ұстаған Торғай тұлғалары” атты көрме көрермен назарына ұсынылды. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасып,  іс-шарада ғалымдар, мерейтой иелерінің ұрпақтары баяндама жасады.