Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

10-11 қараша күндері Торғай мұражайлар кешенінің қоры тағы кітаптармен толықты. Тұрлығұл ұрпақтары ата бабалары туралы жарыққа шыққан кітаптарын тарту етті.

10-11 қараша күндері Торғай жерінде өткен Шақшақ Жәнібек тарханның 330 жылдығы, ақын Нұрхан Ахметбековтың туғанына 120 жыл, Қайнекей Жармағанбетовтың туғанына 105 жыл, Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл, композитор Болат Хамзиннің туғанына 85 жыл және Жангелдин ауданының 95 жылдығы, Торғай қаласының іргетасы қаланғанына 155 жылдығына арналған мерейтой барысында Торғай мұражайлар кешенінің қоры тағы кітаптармен толықты. Тұрлығұл ұрпақтары ата бабалары туралы жарыққа шыққан кітаптарын тарту етті.