Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін ұлттық валютамыз – теңгеге 30 жыл толды
Бүгін ұлттық валютамыз – теңгеге 30 жыл толды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтіп келеді.
? Ұлттық валюта ретінде теңге мемлекетіміздің тарихында маңызды рөл ойнайды.
Тәуелсіздік туы астындағы 30 жыл ішінде мемлекетіміз дамудың талай белесін артқа тастап, қиындықтарды жеңіп, жылдан-жылға гүлденіп келеді. Дәл осындай өзгерістер мен күрделі сынақтарды теңге де басынан өткерді. Осындай өткелең кезеңде Сіздер – қаржыгерлер еліміздің қаржы-қаражат саясатын іске асыруда қанатымен су сепкен қарлығаштай ел игілігі үшін тер төгіп, аянбай қызмет еттіңіздер. Сол себепті бұл күн сіз бен біз үшін аса маңызды, айрықша қадірлі күн.
Сіздерге осындай айтулы мереке күні отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы, ғасырдан-ғасырға жетер ғұмырлы болсын!
Мереке құтты болсын!