5 желтоқсан күні жерлесіміз, инженер- гидротехник, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Таңатқан Досмағамбетұлының туған күні.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасынызға амандық тілейміз.
ДОСМАҒАМБЕТҰЛЫ ТАҢАТҚАН - (5.12.1935 ж.т., Жангелдин ауд. Теке өз-нің бойы Тармақ /Шобан/ қонысы) – ғалым-ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты (1971), доцент (1975), проф. (2000). 1958 ж Қазақтың мемл. а.ш. ин-тын үздік бітіріп, инженер-гидротехник мамандығын алған. Жастар мен студенттердің Мәскеуде өткен бүкіл дүн.жүз. 6-фестиваліне делегат болып қатысқан. (1957). Еңбек жолын өзі оқыған оқу орнында бастаған. Ұстаз-ғалым болашақ мамандарға материалдардың қарсылық күші, құрылыс механикасы, құрылыс теориясы, құрылыс технологиясы, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, құрылыс экономикасы, теміржол құрылысы экономикасы, т.б. пәндерден дәріс берді. Жамбыл технол. Ин-тының Алматы бөлімшесі директорының орынбасары (1970-79), Қ.Сәтбаев атын. Қазақтың ұлттық техн. ун-тінде құрылыс экономикасы және ұйымдастыру ғыл.-зерт. зертханасының меңгерушісі (1972-76), М.Тынышбаев атын. Қазақтың көлік және коммуникация академиясының доценті, экономика кафедрасының меңгерушісі (1977-2000) қызметтерін атқарған. «Қазақстанның ішкі суларында балық аулау және тасымалдауды жүйелеу ісін жетілдіру мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғалымның 60-тан астам ғыл.-зерт. еңбектері, оқулықтары, оқу-әдістемелік кітаптары жарық көрген. Ұстаз 3 рет Алматы қ. Ленин ауд. кеңесіне депутат болып сайланған.