1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық альманахтың «Киргизский край» деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения в современных государствах» атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петербордан басылып шығады. Әлихан Бөкейхановтың көп мақалалары лақап аттпен берілген.
Әлихан Бөкейханов – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы «сөздікті» әзірлеуге ат салысқан.
Алаш көсемi Әлихан Бөкейхановтың өмiрiнде Семей қаласының алатын орны айрықша екенiнде ешқандай шүбә келтіре алмаймыз. Ә.Бөкейхановтың 1896-1903 жылдары Семей және Ақмола облыстары уездерiнде қазақ жер пайдалануын зерттеумен айналысқан Щербина экспедициясына қатысып, қазақ халқының әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне, мәдениетi мен тарихына қатысты бiрқатар ғылыми құнды еңбектердi жазуы, ұлы ақынымыз Абайдың әдеби бай мұрасымен етене жақын таныс болуы, өзiнiң Омбы кезеңiнен жақсы бiлетiн досы, орыс ғалымы Иван Филиппович Гусевтiң айтуымен Шәкәрiм еңбектерiне баса көңiл бөлiп, кейiнде «Қазақ» газетiнде «Қалқаман-Мамыр» поэмасы туралы пiкiр бiлдiруi, тағы басқа оқиғалар оны үнемi шетте Омбы, Петербор қалаларында оқып, қызметте жүрсе де, Семей зиялыларымен барынша жақындастыра түседi.
1917 жылы желтоқсан айының 5-13-ы күндерi Орынборда өткен екiншi жалпықазақ съезiнде Алашорда үкiметi құрылғаны жарияланып, ал Алашорданың уақытша тұратын орны Семей қаласы болып белгiлендi. Семей ол кезде ұлы гуманист-ағартушы Абай және озық ойлы, прогресшiл көзқарастағы орыс демократтары Достоевский, Михаэлис, Долгополов, Коншин, т.б. мұрасы мен тағлымынан ғибрат алып, рухтанған қазақ зиялыларының үлкен бiр тобы бас қосып жиналған елiмiздiң үлкен мәдени-рухани орталығы болды.
Осы жылдары Семейде Алашорда үкiметiнiң ақ туын көтерген Әлихан, Ахмет, Мiржақып бастаған Мұхаметжан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Жүсiпбек Аймауытов, Тұрағұл Абайұлы, Ахметжан Қозыбағаров, Мәннан Тұрғанбаев, Жақып Ақбаев, Мұхтар Әуезов, Әбiкей және Қаныш Сәтпаевтар, Ыдырыс Мұстамбаев тәрiздi тағы басқа ұлт зиялылары жан аямай қызмет еттi.
1917 жылдан 1927 жылға дейiнгi он жылға жуық уақыт аралығында Семейдiң бұрынғы «Заречная Слободка» деп аталатын бөлiгi Алаш қаласы болып аталып келдi. Тек, 1927 жылдың 15 қыркүйегiнде барып Семей қалалық кеңесiнiң шешiмiмен Алаш қаласы Жаңасемей болып өзгертiлдi.
Әлихан Бөкейханов 1918 жылдан бастап өзiнiң Алашорда үкiметiнiң төрағасы қызметiне байланысты Семейде тұрды. Ол Алашорда үкiметiнiң Ұлт Кеңесi, Семей облыстық кеңесi, облыстық және уездiк Земство басқармалары, Алаш қалалық Думасы мен Алаш қалалық қоғамдық басқармасы тәрiздi болашақ мемлекеттiк басқару жүйелерiн құруға қатысты қыруар iстер атқарды. Сондай-ақ Алаш милициясы мен атты әскер полкiн құруда да елеулi еңбек сiңiрдi.
1937 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Кеңестік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы «возглавлял контрреволюционную борьбу против Советской власти, устоновил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и в Москве» деген жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов елінен тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды.
Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақтық сөзінде «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді. Үкім сол күні-ақ жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңа үкімет Алты Алаштың көсемі Ә.Бөкейхановты өлім жазасына кесе отырып, қазақ халқының ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының күре тамырын шауып тұншықтырмақ болды, қазақтың ұлттық намысын, сана-сезімін аяққа таптамақ ниетін танытты.
Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды.

Ә.Н.Бөкейханов 1955 жылы 8 қыркүйекте толықтай ақталған. Бірақ КГБ осы жаңалықты халықтан 34 жыл бойы жасырып келді. 1989 жылы қайта отырыс өтіп, Бөкейханов тағы да ақталады.
1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылды. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейхан сайланды