Бүгін, 10 желтоқсан ұстаз, ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы, профессор Бірімжанов Батырбек Ахметұлының туған күні.
БІРІМЖАНОВ БАТЫРБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ - (10.12.1911, бұрынғы Торғай обл. Орынбор оязы, Бұзұлық қ. – 7.08.1985, Алматы) – ұстаз, ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы (1966), проф. (1965), Қазақстан ҒА-ның корр.-мүшесі (1970), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1968). Қазақ пед.ин-тын (1932), Ленинград мемл.ун-тінің аспирантурасын (1939) бітірген. Еңбек жолын 1934 ж Қазақ мемл. ун-тінде ассистент болып бастап, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954-80) қызметтерін атқарған. 1966 ж. «Физико-хим. процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докт. Диссертация қорғаған. Ғыл.еңбектерінің негізгі бағыты табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарын, тыңайытқыштар химиясын зерттеуге арналған. Б. құрылықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау мен Ақтөбе фосфориттерінен құнарлы тыңайытқыштар алудың технолог. схемасын, фосфор мен бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздары синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау әдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып, экспрес. әдісі анализін өндіріске енгізді. Қазақ тілінде оқулықтар жазып, сөздіктер әзірледі. Ғалым Ленин орденімен, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
Бүгін, 10 желтоқсан ұстаз, ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы, профессор Бірімжанов Батырбек Ахметұлының туған күні