Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін экономика ғылымның докторы , профессор, академик САЙЛАУ БАЙЗАҚОВТЫҢ туған күні

Бүгін экономика ғылымның докторы , профессор, академик САЙЛАУ БАЙЗАҚОВТЫҢ туған күні.
Сайлау Байзақов(12.12.1937 ж Жангелдин ауд. Қызбел а.туған-10.07.2023) – ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы (1974ж), проф. (1981ж), Халықаралық ақпараттау академиясының академигі (1992ж), Халықаралық менеджмент академиясының академигі (1996ж). Халық ш. ун-тінің механика- математика ф-тін (1961ж), Алматы халық ш. ин-тының жоспарлау-экономика ф-тін (1965ж) бітірген. Еңбек жолын Қазақ ун-тінің есептеуіш математика кафедрасында ассистент болып бастап, есептеуіш орт-ның аға инженер-экономисі, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1964-1988 ж аралығында Қазақ КСР Жоспарлау к-ті жанындағы экон.зерттеулер ин-тының бөлім меңгерушісі, директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып істеді. 1968 ж. аймақтар экономикасы жөнінде кандидаттық, 1974 ж. Мәскеуде «Совершенствование размещения производства и переработки сельскохозяйсвенных продуктов на основе методов многоступенчатой оптимизации» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 1981 жылдан Қазақстан экономистер одағының төрағасы, Халықаралық экономистер одағының төрағасы (1981-1993ж) болып сайланды. 1991-1997 ж. Қазақстан ұлттық экономикасының үкіметтік бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге атсалысты. 1986-1993 ж. Басқару ғыл.- зерт. ин-тының директоры болды. Бұдан кейінгі жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының бас сарапшысы (1994-1995ж), ҚР үкіметінің жанындағы мемл.қызметкерлер біліктілігін жетілдіру ин-тының директоры (1996-1999ж), жергілікті кеңесшілер жетекшісі (1999-2002ж) қызметтерін атқарды. 2001-2004 ж. Климатты өзгерту жөніндегі үйлестіру от-ның макроэкон.тобын басқарды. Ғыл. еңбектері негізінен экономиканы үйлестіруді жүйелі модельдеу мәселелеріне, қоғамдық өндірістің тиімділігі теориясын зерттеуге бағытталған. Б-ның жетекшілігімен 50 зерттеуші кандидаттық, 10 адам докторлық диссертация қорғады. Бірнеше мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды. Ғалым «Құрмет» орденімен (2007ж) марапатталған