Бүгін ауыл шаруашылық саласының ардагері Тыныштық Әбжамалұлының туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз? Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
ӘБЖАМАЛҰЛЫ ТЫНЫШТЫҚ - 1942 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аманкелді ауылдық округінің Тосын құмындағы Қарғалы /Жаркешу/ ауылында дүниеге келген. Алтынсарин Ыбырайдың өзі іргетасын қалаған Торғайдағы Қазақ орта мектебін 1961 ж. бітірген. Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын оқып жүріп Қазақ мемлекеттік университетінің кешкі факультативтік сабағына қатынасып журналист-корреспондент мамандығын алған. Институтта оқып жүргенде Совет Армиясы қатарына шақырылып Москва әскери округінде – Москва қаласы жанында 1965 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті. Содан кейін аталған институтты 1971 жылы бітіріп Жангелдин ауданының Қызбел кеңшарында зоотехник селекционер болып қызметін бастады. 1972-73 жж. Аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, одан кейін Аудандық «Жаңа өмір» газеті редакциясының ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметінде 1980 жылдың маусым айына дейін істеді. 1980-1990 жж. аралығында аудан орталығынан шалғайда жатқан «Южный» кеңшарында бас зоотехник, 1985 ж. бастап осы ауылдың Кеңес төрағасы қызметінде болды. 1990 ж. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі, Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы қызметін зейнеткерлікке шыққанға дейін атқарды. Ұйымдастыруымен ең алғаш жазда ашық алаңда Ірі қара мал бордақылау 1971 жылы «Қызбел» кеңшарының Андағұл, Мешіт, Жырық жайлауында басталды. Қарасу селолық Кеңесінің төрағасы қызметінде болған кезінде Қарасор мен атақты Ақкөл көлдеріне 1985 жылы арнайы жабдықталған автомашиналармен Қабырға өзенінен Сазан балықтарын жіберу қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде бір жарым жылдан кейін Сазан балықтарының көбейгені сонша, тіпті Аралдан құрамында 47 адамы бар балықшылар бригадасы келіп күніне 1500 ге жуық ау құрып балық аулады. Нарықтық экономиқаға көшудің қиын кезеңінде /1990-1995 жж/ Ақкөл, Қарасор көлінің Сазан балығы Ахмет Байтұрсынов, Ақкөл кеңшарларындағы халықтың іргесі сөгіліп басқа жерлерге үдере көшіп қоныс аудармай отыруына мүмкіндік туғызды. Қарасу селолық кеңесінің басшылығымен 1989 жылы 18 қаңтар күні тұрғындар жиыны өткізіліп осындағы орта мектепке Ахмет Байтұрсынов атын беру, Ахмет Байтұрсыновқа музей ашу, орталық көшеге Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішін орнату жөнінде шешім қабылдап, арнайы комиссия жұмысын бастады. Кеңшар орталығы, ферма орталықтарында ағаш отырғызу, елді мекендерді көркейту жұмыстары кең қанат жайды. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі қызметін атқарған жылдары мал шаруашылығының ең бір шарықтап дамыған кезеңі болды. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Құрмет грамотасы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасы, Алматы облысы Ақсу аудандық Советі атқару комитетінің Құрмет грамотасы, Жангелдин ауданы әкімдерінің бірнеше Құрмет грамоталары және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығы, Еңбек ардагері медалімен марапатталған «ҚАЗ ҚАЛПЫНДА» атты кітабын жазып шығарды
Бүгін ауыл шаруашылық саласының ардагері Тыныштық Әбжамалұлының туған күні