Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылды

1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылды.
Алаш орданың көрнекті қайраткері, заңгер Айдархан Тұрлыбаев
Айдархан Тұрлыбаев (25 тамыз 1877, Мезгіл болысы, Көкшетау уезі, Ақмола облысы, Дала генерал-губернаторлығы - 23 қараша 1937) — Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, заңгер.
Арғын тайпасы Қарауыл руының Шөмек атасынан шыққан. 1897 жылы Омбы гимназиясын тамамдаған. 1897-1902 жылдары Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқыған. Дәл осы оқу орындарында онымен бір мезгілде кейін қайраткер, қаламгер болып қалыптасатын Р.Мәрсековте білім алғаны мәлім. Университеттен кейін жас заңгер Омбының заң орындарына қызметке жіберіледі. Адвокат және «присяжный поверенный» болады. Заңгердің қайраткерлігі жөнінде «Қазақ» газеті 1917 жылы былай деп жазды: «Айдархан Думаға лайық еді...».
1917 жылы 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Омбыда Ақмола облыстық қазақ съезі өткенде, ол осы жиынға төрағалық етеді. Осы жолы әр езден келген 150 делегат А.Тұрлыбайұлын Ақмола облыстық қазақ комитетінің төрағасы етіп сайлайды. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын I жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын II жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады