Бүгін, 14 желтоқсан ғалым-зоотехник, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Әнуар Байжұманұлының туған күні. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз 

БАЙЖҰМАНҰЛЫ ӘНУАР - (14.12.1937 ж.т., Жангелдин ауд. Шилі а.) – ғалым-зоотехник, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, ауыл ш.ғылымдарының кандидаты (1966ж), проф. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері. Алматы зоотехн.- малдәрігерлік ин-тын бітірген. Қазақ мал ш. ғыл.- зерт. ин-тының аспирантурасында оқыды. Еңбек жолын осы инс-та аға ғыл. қызметкер болып бастаған (1960-1968ж). Алматы зоотехн.-малдәрігерлік ин-тында Генетика және мал өсіру кафедрасының меңгерушісі (1968-1992ж) болды. Қазақстан Республикасы Ауыл ш. Министрлігінің Ғылым және оқу орындары бас басқармасы бастығының орынбасары, Мал ш-ндағы технол.саясат және асыл тұқымды мал мемл. инспекциясы бас басқармасының бастығы (1992-1996ж) қызметтерін атқарды. Республикада қой ш-ның жаңа бағыты – кроссбред қойын өсірудің ғыл. негізін қалаған. «Дегерес қойы» деп аталған отандық жаңа қой тұқымы авторларының бірі болды. 80 –нен астам ғыл. Еңбегі жарық көрген. Соның ішінде қазақ тіліндегі «Мал өсіру», «Мал өсіру және селекция», «Шопанның оқу кітабы», «Қой тұқымын асылдандыру», «Қой тұқымын асылдандыру», «Қой төлдетуді ұйымдастыру», «Жылқы өсірушінің анықтамалығы», «Селекция сырлары» сияқты оқулықтар мен бірнеше сөздік, анықтамалықтары бар.
View the embedded image gallery online at:
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1431-b-gin-14-zhelto-san-alym-zootekhnik-auyl-sharuashyly-ylymdaryny-kandidaty-nuar-bajzh-man-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId1cdf9906d1
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1431-b-gin-14-zhelto-san-alym-zootekhnik-auyl-sharuashyly-ylymdaryny-kandidaty-nuar-bajzh-man-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId1cdf9906d1