Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының профессорлары Ыбырай Алтынсарин музейін, Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының музейін аралады

13 желтоқсан күні, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары филология ғылымдарының докторы,профессор Хикмет Кораш, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мехмет Екиз, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айбек Қалиев Торғайға келді. Тұнғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейін, батыр, мәмілегер Тархан Шақшақ Жәнібек музейін, алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейін аралады.