Желтоқсан оқиғасы — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Осы желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміздің бірі Нұғманов Ақшығанақ Қайырбекұлы
НҰҒМАНОВ АҚШЫҒАНАҚ ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ– 03.12.1961ж. Жангелді ауданы Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Жұмыс өтілі: 26 жыл. Білімі жоғары.1987 - 1990 жылдар аралығында Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы, «Қайрат» спорт қоғамының төрағасы, мектептерде дене тәрбиесінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Сол уақытта оқушыларының жеткен жетістіктері: Москва қаласында өткен Самбо күресінен өткен бүкіл одақтық турнирінің ІІІ-жүлдегері Байдалин Жандос. Алматы қаласында өткен спорт мектептері арасындағы Республикалық жарыстың жеңімпазы Көпжасаров Қайыржан, сонымен қатар бірнеше оқушылары Республикалық жарыстардың Самбо және қазақ күресінен жүлдегерлері. Атап айтсақ: Бейсенғалиев Ерік, Нұрғанов Биімбет, (Мырзағалиев Манаш), (Сәдманов Бақытжан), Сәменов Марат, Самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер. Арқалық қаласында өткен Ы.Алтынсарин еске алуға арналған республикалық турнирде І орын, 1983 жылы Алматы қаласында РСДСО «Қайрат» біріншілігінде ІІІ орын,1984 жылы Хабаровск қаласында ВВМВД СССР дің Шығыс Сібір басқармасының біріншілігінде І орын,1984 жылы Благовещенск қаласында обл совет «Динамо» ашық біріншілігінде І орын. 2004 жылы Астана қаласында ардагерлер арасында республикалық спартакиадасында ІІІ орын. 2006 жылы Өскемен қаласында Самбо күресінен өткен спорт шеберлері арасындағы Республикалық Чемпионаттың жеңімпазы. Әлем Чемпионатына қатынасушы.