Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін, 15 желтоқсан ұстаз, физик-математик Закарин Асқар Закарияұлының туған күні
Бүгін, 15 желтоқсан ұстаз, физик-математик Закарин Асқар Закарияұлының туған күні.
ЗАКАРИН АСҚАР ЗАКАРИЯҰЛЫ – (15.12.1908-1990)қазіргі Қостанай обл.Жангелдин ауд.9-ауылында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, физик-математик. 1948ж. кандидаттық диссертация қорғады. 1970 жылдан проф. Москва мемл. ун-тінің механика-математика ф-тін бітірген (1937). 1937-41 ж. Қазақ пед. ин-тында оқытушы болып істеді. 1941-46 ж. 100- қазақ ұлттық атқыштар бригадасы құрамында екінші дүн.жүз. соғысқа қатысқан. 1950-53 ж. Қазақ пед. ин-тының, 1953-55 және 1961-70 ж. Қазақ мемл. ун-тінің ректоры, 1970-84 ж. осында кафедра меңгерушісі, 1955-58 ж. Қазақ КСР-ының Оқу министрі, 1958-1963 ж. Қазақ КСР-ы Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақ КСР-ы Сыртқы істер министрі, 1963-67 ж. Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1951-70 ж. Қазақстан компартиясы ОК-нің мүшесі, СОКП 22 және 23-сыяздарының делегаты, 4-7 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.