Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 22 желтоқсан күні ғалым-физик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Фазылхан Бәйімбетовтың туған күні
Бүгін 22 желтоқсан күні ғалым-физик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Фазылхан Бәйімбетовтың туған күні.
БӘЙІМБЕТОВ ФАЗЫЛХАН - (22.12.1939, Жангелдин ауд. Жота а.- 24.04.2011, Алматы) – ғалым-физик, физика-математика ғылымдарының докторы (1995), проф. (1988), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2003), Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері. Новосибирьск мемл. ун-тін (1963), Тбилиси мемл. ун-тінің аспирантурасын (1968) бітірген. Еңбек жолын 1963 ж. Қостанай пед. ин-тында оқытушылықтан бастап, 1973 жылға дейін аға оқытушы, доцент болып істеді. 1969 ж. кандидаттық , 1985 ж. докторлық диссертация қорғады. 1973-2001 ж. аралығында қазақ ұлттық ун-тінде доцент, Плазма оптикасы мен физикасы кафедрасының меңгерушісі, декан, ректордың оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды. 1994 ж. Қазақстан ҒА-ның физика-математика ғылымдары бөлімшесі акад.-хатшысының орынбасары болып сайланды. Б-тың негізгі ғыл. еңбектері заттардың сұйық, газ тәрізді және плазма күйлерінің физикасына, плазмадағы және тығыз газдағы тасымалдау әрекеттері мен релаксац. құбылыстардың кинетик. теориясын зерттеуге арналған. «Электричество и магнетизм», «Математический аппарат электродинамики» оқулықтарын жазған. 300-ден астам ғыл. еңбегі жарық көрді, оның ішінде екі монографиясы, қазақ және орыс тілдерінде жазылған жалпы және арнаулы курстар бойынша 20 оқу құралы мен әдістемелік зерттеулері бар. Б. плазма физикасы жөніндегі Қазақстандық ғыл. мектептің негізін салды және жетекшісі болды. Оның жетекшілігімен 50-ден астам зерттеуші кандидаттық, докторлық диссертация қорғады. Аса көрнекті ғалым номинациясы бойынша үш мәрте мемл. ғылыми стипендия тағайындалды, 2001 ж ғылымға сіңірген еңбегі үшін тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы берілді. 2009 ж. әл-Фараби атын. Қазақ Ұлттық ун-тінің күміс медалімен марапатталған.