Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұстазы Сапенов Қанат 8-сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарымызды насихаттау барысында Музейде сабақ өткізді
Ұлттық құндылықтарға хaлықтың ғасырлар бoйы жинақтаған ұлттық, рухани және мәдени құндылықтары жатады. Осы құндылықтарды ұрпағымыздың бойынa сіңіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ұлтжандылыққа, отаншылдық пен салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғaларды тәрбиeлеу – ұстаздар алдындағы басты міндет. Осы мақсатта Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұстазы Сапенов Қанат 8-сынып оқушыларына ұлттық құндылықтарымызды насихаттау барысында Музейде сабақ өткізді.
Музейде сан қырлы тарихымыздың жәдігерлері мен туындыларды халыққа паш етуге арналған арнайы экспозициялық заллар жұмыс жасайды. Соның бірі этнография залы. Экспозицияда қазақ халқының өзіндік мәдени дәстүрін түсінуге мүмкіндік беретін, сирек кездесетін экспонаттар ұсынылған. Оның ішінде қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үйі, ұлттық киімдер,қазақ халқының қару-жарақтары, ат әбзелдері, сырт киімдер, ағаш ыдыстар, төсек орындар, қазақтың өнері мен дәстүрінің ажырамас маңызды саласының бірі – зергерлік өнері зергерлік бұйымдар және қазақтың музыкалық аспаптары бар.
Музейге келген оқушылар этнография залынан қазақ халқының болмысын, ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, таным-түсініктерін, өлкеге тән жәдігерлері арқылы танып біле алды.