Бүгін 1 қаңтар, ақын, жырау Жүсіпбек Салықұлының туған күні. САЛЫҚҰЛЫ ЖҮСІПБЕК - (1.01.1906, бұрынғы Торғай оязы, Ақшығанақ а. – 2003, Жангелдин ауд. Ақшығанақ а.) – ақын, жырау. Жас шағынан ән мен жырға үйір болып өскен. 1937 ж. А.Байтұрсынұлының тыйым салынған «Қырық мысал», «Маса» жинақтарындағы шығармаларын халық арасына таратқаны үшін айыпталып, тұтқынға алынған. Екі жарым жылдан кейін ақталып шықты. С. Торғай өңірінде өзінен бұрын өмір сүрген Тұрмағамбет, Сейітжан, Жұмабай, Әбіқай, Есенжол ақындардың шығармаларын жатқа айтып, кейінгі ұрпаққа жеткізді. Ақынның «Қыстау салдым айна көлдің басына» деген ұзақ толғауы ел арасына кең тараған. Бірнеше айтыстарға қатысып, жүлде алған.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1460-b-gin-1-a-tar-a-yn-zhyrau-zh-sipbek-saly-lyny-tu-an-k-ni-saly-ly-zh-sipbek.html#sigFreeId990e737e5a