Бүгін 1 қаңтар, журналист-жазушы Жақсылық Жүнісұлының туған күні. Туған күніңізбен құттықтаймыз Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз Жүнісұлы Жақсылық /1.01.1943 ж.т. Торғай/. Журналист-жазушы. ҚР Мәдениет қайраткері /2008 ж./, Арқалық қаласының Құрметті азаматы /2011 ж./, Қазақстанның Құрметті журналисі /2015 ж./. Алғашқы еңбек жолын Жанкелдин аудандық атқару комитетінің нұсқаушылығынан бастаған. ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірген /1968 ж./. Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде бөлім меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болған. Шәкірттерінің дені – танымал журналистер. «Сыр сандық» /2003 ж./, «Дала дарабоздары» /2007 ж./, «Жылдар жаңғырығы» /2012 ж./, «Табиғатпен егізбін» /2014 ж./, «Топжарғандар туралы толғау» /2016 ж./ атты кітаптары шыққан. Кезінде аталған еңбектеріне көрнекті ғалым Темірбек Қожакеев, көркемсөз шебері Серік Әбдірайымов, белгілі әдебиет сыңшысы Сабыржан Шүкірұлы, айтулы ақын Серік Тұрғынбекұлы оң бағаларын берген. «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қостанай облысы әкімі сыйлығының иегері. Зейнет демалысында жүрсе де, өзекті мәселелерді қамтыған мақалалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрады.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1462-b-gin-1-a-tar-zhurnalist-zhazushy-zha-syly-zh-nis-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId93b4f10932