8 қаңтар күні, Ұлы ағартушы ашқан мектепке 160 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3, 4, 8 сынып оқушылары музей аралады. Музейде қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін,Торғайдағы тұңғыш мектептің тарихын музей қызметкерлері оқушыларға таныстырды.