Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ауғанның от жалыны

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Торғай мұражайлар кешенінің ұйымдастыруымен "Ауғанның от жалыны" атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке ауған соғысының ардагерлері, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық мәдениет бөлімі, Жангелді аудандық 27 өрт сөндіру бөлімі, "Аманат" партиясының Жангелді аудандық филиалының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі және Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ оқушылары мен ұстаздары қатысты. Кеш барысында ардагерлер өз оқиғаларын баяндап, қызықты жағдайларымен бөлісті. Кеш барысында қызықты сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Кеш соңында кешен басшысы Гүлбану Құлетқызы алғыс хаттары мен сый сыяпаттарын табыстады.