1927 жылы 23 ақпанда Жангелдин ауданы Көкалат ауылында туған. Меңдіғара пед. Уч-щесін (1949),Абай атын. Алматы пед. Ин-тын (1957) бітірген. 1957-60 ж аспирантурада оқып, еңбек жолын Қазақ мемл. ун-тінде оқытушылықтан бастаған. Бұдан кейін Қазақ КСР ҒА-ның Тіл білімі ин-тында ғыл. қызметкер (1961-68;1971-88), Қазақ кеңес энциклопедиясының бас редакциясында аға ғыл. редактор (1968-71), Қазақ мемл. ғыл-техн. Ақпарат ин-тында бөлім меңгерушісі (1992-93) болып істеді. Н-тың 50-ден астам ғыл-зерт. еңбектері жарық көрген. Ғыл-зерттеулерінің негізгі бағыты қазақ тілінің синтаксисі, сөз тіркестері, этнолингвистика, этномика және топонимика мәселелері. Ғалым-антрополог, венгер мадияры Тибор Тот пен үрколог, қыпшақ Мандоки Коньермен (Қоңырмен) бірге Дунай және қазақ мадиярларының, венгер және қазақ қыпшақтарының тарихи-этник. байланыстарына арналған аса күрделі ғыл. бағдарламаны жүзеге асырды.
Бүгін тілші-ғалым, доцент Нұрқанов Сейітбектің туған күні