Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Медицина қызметкері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, жерлесіміз Асқар Байжұманов дүниеден озды

Медицина қызметкері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, жерлесіміз Асқар Байжұманов дүниеден озды. Туған-туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Байжұманов Асқар 1939 жылы 19 тамызда Жангелдин аудан Шилі ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын Жангелдин ауданы ауруханасында бастап, 1964 жылдан 1971 жылға дейін хирург, бас дәрігер болып істеді. Өлкеде Торғай облысының ұйымдастырылуына байланысты Арқалық қаласына қызметке шақырылып, Торғай облыстық ауруханасында хирургия бөлімінің меңгерушісі (1971-91), облыстың бас хирургі (1991-1997ж), Арқалық қаласындағы орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (1997-2004ж) болып істеді. 1994 жылы ҚР-ның ІІ сайланған Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі (1974ж), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері (1980ж), Арқалық қаласының Құрметті азаматы (1999ж).