Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Ахмет Бірімжановтың есімі беріліп, мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті

23 ақпан күні, Қостанай қаласының №115 жалпы білім беретін мектебіне Алаш қайраткері, қазақтан шыққан алғашқы заңгер, ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде саяси-құқықтық ой-пікірдің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткері Ахмет Бірімжановтың есімі беріліп, мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға арнайы Мәскеу, Алматы, Астана қалаларынан Ахмет Бірімжановтың тікелей ұрпақтары қатысты. Алаш қайраткеріне арналған конференцияда Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып, баяндама жасады.