БІРІМЖАНОВ ҒАЗЫМБЕК - (1896, бұрыңғы Торғай оязы, Тосын болысы -19.03.1938, Мәскеу) – Орынбордағы реалды уч-щені, Орта Азия мемл. ун-тінің дәрігерлік ф-тін бітірген. Алашорда үкіметі атынан Сібір әскерлерінің қолбасшысы А.В.Колчакпен келіссөз жүргізуге қатысып, Алашорданың Башқұрт үкіметі жанындағы уәкілі болған. Б. қалам шебері ретінде де бірқатар игі жұмыстар атқарды. 1921-22 ж. «Ақ жол» газетінің редакторы болды. Мақалаларын «Шеген» (белгілі би болған бабасының есімі) деген бүркеншік атпен жариялаған. 1922 ж . Түркістан КАСР-ы ОАҚ-нің төрағасы Т.Рысқұловтың қолдауымен бір топ Түркістан жастарымен бірге Германияға оқуға жіберіліп, 1928 ж. Берлин ун-тінің а.ш. ф-тін бітірген. Дегенмен игі үмітпен елге келе жатқан жас маман жолшыбай Мәскеу қ-да тұтқындалып, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновпен бірге Карелиядағы Медвежегорск қ-на 10 жылға жер аударылып, Ақ теңіз- Балтық каналының ауыр жұмысына жегізді. 1937 ж. ісі қайта қаралып, ату жазасына кесілді.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1499-b-gin-o-am-ajratkeri-alashshyl-azamat-alamger-azymbek-birimzhanovty-tu-an-k-ni.html#sigFreeId281c90161f