5 наурыз күні, жастардың ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету. Отанымызды сүю, ата – бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеу, имандылық, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде «Жастар. Діни сенім. Болашақ» тақырыбында Оспанқожа мешітінің бас имамы Әбдісалықов Айдос Серікұлымен кездесу өтті.
«Жастарымыздың жат діни ағым жетегіне кетудің ең алғашқы, басты себебі – діни білімсіздік. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, эмоционалды сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай жатады. Осы мәселе бойынша діни сауатымды арттырамын дейтін жастарымызды ауданымыздағы мешіт және медресенің есігі ашық»,- деді бас имам.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1503-zhastar-dini-senim-bolasha.html#sigFreeId879289379d