Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді

1913 жылы 8 наурызда Санкт-Петербургте тұнғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен атап өтіледі. Халқымызда «жан қысылса, жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі «ана». Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады.Сәулетші оны тастан қашап жасайды. Ана- барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана баласын құрсағында көтеріп, оған өмір береді, өз өмірін де соған арнайды. Шырылдап жерге түскеннен – ақ әр нәрестенің ең жақыны- анасы. Сондықтан анаға деген махаббат құндақта жатқан күннен –ақ басталады. « Ана» сөзі де ыстық. Адамда не қасиет болса да, күннің көзі мен ананың сүтімен дарыған.
?5 наурыз күні, Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы» тақырыбында ардагер әжелеріміз Бидашева Ақзада Сейітқазықызы мен Исмагулова Күламза Ғазезқызы, алтын құрсақты анамыз Хасекенова Ажар Бақытқызымен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Н.Г Иванов мектебінің 5-сынып оқушылары қатысып, аналарымызға қызықты сұрақтарын қойды. Аналарымызға құрмет көрсетіліп, музей басшысы Гүлбану Құлетқызы, бас қор сақтаушы Ляззат Тайшығарақызы ізгі тілектерін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.