Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Қазақ ән - хор өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан композитор және қазақ мемлекеттік хор капелласының негізін қалаушы, талантты ұйымдастырушы Бақытжан Байқадамовтың туған күні
Қазақ ән - хор өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан композитор және қазақ мемлекеттік хор капелласының негізін қалаушы, талантты ұйымдастырушы Бақытжан Байқадамовтың туған күні.
Бақытжан Байқадамов - (11.03.1917, Торғай – 16.06.1977, Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957ж), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының доценті (1969ж). Қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетін (1937ж), Алматы мемлекеттік  Консерваториясын бітірген (композитор Е.Брусиловский мен Л.Хамиди класы, 1954ж).  1941 ж. Қазақ радиосында хор жетекшісі, 1947-1949 ж. Әйелдер ән-би ансамблінің жетекшісі әрі дирижері болды. 1952-1960 ж. Қазақ филармониясын басқарды. 
Осы жылдар «Домбыра», «Су тасушы қыз», «Алма ағаштар жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», «Айғөлек», «Бөбегім», «Ақ бидай», «Жастар жыры» атты ойнақы әндері мен «Жарқын жастық», «Колхоз тойы» симфониялық поэмаларын, «Майра», «Тойбастар», «Он алты қыз» сияқты хорға арналған шығармаларын, «Ақсақ киік», «Айжан қыз», «Шалқыма» күйлерін дүниеге әкелді. Ол халық әндеріне лайықтап  полифониялық фарнитура стилінде жаңалық  ашты.  Осы  жаңалығы төрт бөлімді «Біз Отанды сүйеміз» сюитасында айқын көрініс тапты. 1969 жылдан  өмірінің соңына дейін Қазақтың  мемлекеттік  қыздар пен. институтында ұстаздық етті.  Республикамызда  көп дауысты  хор музыкасы жанрын  қалыптастыруға көр еңбек сіңірді. Бұл салада «Жайлауға», «Бейбітшілік үшін», т.б. хорға арналған сиюталар, вокалдық композициялар, хорға арналған көлемді поэмалар («Қыз арманы», «Айтыс», «Еңбек жемісі») жазды. Физика, математика, музыка теориясы  саласындағы  білімін  ұлттық музыка аспаптарын  жетілдіру мақсатында жемісті пайдаланып, домбыраның үнділігін арттыратын жаңа  өлшемдер  жасап шықты. Композитордың Құрманғазының «Ақбай» күйінің ырғақтары негізінде жазылған шығармасы  қазақ ұлттық музыка өнеріндегі құбылысқа айналып, көптеген шетелдердің хор ұжымдарының  репертуарына енді. Көпшілікке  танымал болған «Айгүл» ансамблін ұйымдастырып, эстрадалық  жанрдың дамуына да айтарлықтай үлес қосты. Байқадамов  1957 ж. Мәскеуде өткізілген Жастар мен студенттердің дүн.жүз.фестивалінде Қазақстан жастарының ән-би ансамбліне жетекшілік еткені үшін Алтын медальмен  марапатталды. Қазақ мемлекеттік  хор капелласы, Арқалық қаласындағы балалар муз.мектебі, Амангелді кентіндегі  бір көше Бақытжан Байқадамов есімімен аталады. Арқалық мемл. пед. институтында Байқадамов атындағы  стипендия  тағайындалған, Алматы қаласындағы бір орта мектеп  пен көшеге  композитор есімі берілген. Зерттеуші Б.Махметова «Бақытжан Байқадамовтың музыка – педагогика мұрасы » деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация қорғады, Алматы қыздар педагогикалық  университетінде  Байқадамов  атындағы хор сыныбы ашылған.