15 наурыз – "Қайырымдылық" күні. Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.
Қайырымдылық күніне орай Торғай мұражайлар кешені ұжымы көп балалы отбасы Айтасовтар отбасын наурыз мерекесімен құттықтап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1517-15-nauryz-ajyrymdyly-k-ni.html#sigFreeId9f84eade6a