Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты. Жангелдин ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсарин мұражайында ауданымыздың әр саладағы білікті мамандармен жастар арасында кездесу сағаты өтті. Кездесуге аудан орталығының 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты