Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

21 сәуір 2020 жыл Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

21 сәуір 2020 жыл

 Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

ӘКІМЖАНОВ АНУАРБЕК

1920 жылы Қостанай облысы, Торғай ауданы, Сарысу ауылында туған. 1938 жылы Торғайда 7 сыныпты бітірген. 1940 жылы қазан айында әскерге алынып, Ішкі істер әскерлерінің құрамындағы 323-конвой полкінде бөлімше командирі қызметін атқарды, кіші сержант. Әскер қатарындағы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын алған. Отан соғысына қатысушы ретінде Жеңістің, Қарулы Күштердің атаулы жылдарында мерекелік медаль-белгілерімен атап өтілген. Елге 1946 жылдың аяғында оралған. Алматыда есеп қызметкерлерінің 6 айлық курсын тәмәмдап, көп жыл аудандық қаржы бөлімінің инспекторы міндеттерін атқарды. Кейін СПТУ-да қойма меңгеруші, «Речной» ұжымшарында кассир, мұнай базасында заправщик жұмысында болды. Зейнетке 1980 жылы шықты. 1996 жылы өмірден озды.