12 сәуір күні, Жангелдин ауданына су тасқынына көмекке майор Саққұлақовтың басшылығымен Қарағанды 52859 әскери бөлімінің 1ВБ жеке құрамы келді. Жас сарбаздар Қызбел, Тәуіш, Көкалат, Көлқамыс ауылдарына барып су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізді. Әр өңірден жиналған әскери бөлім сарбаздары аудан орталығындағы музейлерді аралады. Торғай жерінің тарихымен тереңінен танысты. Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызымен сұхбат жүргізіп, музей басшысы жас сарбаздарға Торғай энциклопедмясын сыйға тартты. Қиын қыстау кезеңде Торғай еліне көмекке келген жас сарбаздарға ризашылығымызды білдіреміз!
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1541-12-s-uir-k-ni-zhangeldin-audanyna-su-tas-ynyna-k-mekke-major-sa-la-ovty-basshyly-ymen-ara-andy-52859-skeri-b-limini-1vb-zheke-ramy-keldi-zhas-sarbazdar-yzbel-t-uish-k-kalat-k-l-amys-auyldaryna-baryp-su-tas-ynyna-arsy-zh-mystar-zh-rgizdi.html#sigFreeIdcb32d6eb29