18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес ассамблеясы арнайы бекіткен болатын. Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Әлемнің 122 еліндегі 800-ге жуық тарихимәдени құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. 2003 жылы осы аталған тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-сәулеттік кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық саналатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.
Жангелдин ауданының киелі жерлері:
Албарбөгет бөгені (Айса бөгеті)
Татыр шайқасы ескерткіші
Баймырза әулие кесенесі
Қазыбай әулие кесенесі
Ахмет Байтұрсынұлының туған жері
Міржақып Дулатұлы кесенесі
Тілеп Аспантайұлының жерленген жері
Бейсен би жерленген жері
18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні