6 мамыр күні, Отан қорғаушылар күніне орай Тархан Шақшақ Жәнібек батырдың тарихи музейінде Торғай мұражайлар кешенінің әдіскері Амантай Мәдина Әділқызы Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 9-сынып оқушыларына "Ел ертеңі - бүгінгі жасұландар" тақырыбында музей сағатын өткізді. Музей сағатының мақсаты өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. Музей сағатында Шақшақ Жәнібек батырдың балалық шағынан бастап, ел мен жер үшін жасаған жанқиярлық ерлігін, Жәнібек батырдың жауды тек қана желекті найзамен ғана емес, алғыр оймен, кемел ақылмен, өткір тілмен де жеңгенін жас ұрпаққа түсіндірді.