Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Еліміздегі ең елеулі мерекелердің бірі – 9 мамыр

Еліміздегі ең елеулі мерекелердің бірі – 9 мамыр – Жеңіс күні жақындап келеді. Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бейбітшіліктің мәңгі жасампаздығын, ақтық демі қалғанша Отанын қорғаған жауынгерлердің айбыны, тылдағы жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі. Бұл күн – абыройымыз бен даңқымыз артқан күн. Ата-бабамыздың табандылығы мен ерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында қатал соғыстың нәтижесі Жеңіспен аяқталған күн.

Отан үшін отқа күйген ата-бабамыздың ерлігін ұлықтау ендігі біздің еншімізде. Атаулы күннің мәнін, қасиетін жоғалтпай келесі ұрпаққа жеткізу де бүгінгі жастардың үлкен міндеті. Соған байланысты әр жылы Жеңіс күніне орай мерекелік іс-шаралар өтіп тұрады. Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында Жеңіс лентасы таратылды.

#Ардагерлергетағзым