?18 мамыр- Халықаралық музей күні Торғай мұражайлар кешені “Музей түні” акциясын өткізді . Музей түні акциясы Әліби Жангелдиннің туғанына 140 жыл, музейдің 40 жылдық тарихына арналды.
Бағдарламада: Әліби Жангелдин музейінің 40 жылдығына арналған көрме, музей қорындағы портреттер көрмесі, Квест ойындары (жастар арасында өткізілетін ойын), түнгі музейді аралаудан тұрды. Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді аудан әкімінің орынбасары Алматов Еренбол Қайырбекұлы кәсіби мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы құттықтау сөзін сөйлеп, музей тарихынан сыр шертіп, аудан тұрғындарына музейдің 40 жылдығына арналған “Музей тарихы” тақырыбындағы көрмені таныстырды.
Жастар арасында квест ойыны өтіп, қатысушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Музей түніне келген оқушылар арасында викториналық қызықты сұрақтар қойылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1566-muzej-t-ni-2025.html#sigFreeId4ca5084e33