Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Болат Хамзин

18 мамыр, туған халқының мақтанышына айналған қазақтың ұлтжанды ұлдарының бірі, өнерімен елін сүйіндірген , жүрегінен жарып шыққан саз әуенімен халқының өмірін өрнектеген, мәңгі өшпес махаббатты жырлаған , туған жеріне перзенттік парызын өтеуге үлгі-өнегесін қалдырған сазгер, домбырашы, дирижер, актер, ұстаз, тума дарын иесі – Болат Хамзин ағамыздың туған күні.
Болат Хамзин 1938 жылы Торғай қаласының 13 ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Ы.Алтынсарин ат.қазақ орта мек-н бітіргеннен кейін Құрманғазы атындағы Мем-к консерватормясының домбыра мен дирижерлық кластарына түсті. Консерваторияға сынақ тапсырғанда алғашқы емтихан алған ұстазы атақты композитор Ахмет Жұбанов болыпты.
Болат Хамзин консерваторияда оқи жүріп , Құрманғазы оркестрі құрамында Мәскеуде 1957 жылы өткен ҮІ-бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің фестиваліне қатысып, лауреат атанды, Бүкілодақтық көркемөнерпаздар творчествосында да лауреат атанды.
Болат Хамзин мектепте оқып жүрген де-ақ шебер күйшілігімен танылды.Туған нағашысы Қапақ Амантайұлы сал-сері болған адам. Қапақ сал ақ домбырасын Болатқа ғана ұсынады екен. Жоғары білімді сазгер еңбек жолын өзі оқыған Ыбырай мектебінде ұстаздықтан бастады. Өз атындағы саз мектебінің іргетасын қаласты, Н.Ахметбеков атындағы мәд.үйінде жұмыс істеді, Торғайдағы халық театрының іргесін қаласып, 1974 жылы ежелгі Торғай жерінде өзіндік бағыт-бағдары бар «Ғасырлар пернесі» фольклорлық халық ансамблін құрып, жетекшілік етті. Оның негізгі мақсаты тарихи бай өлкенің халық әндері мен күйлерін, көне әуендерін, өнер саңлақтары қобызшы Зәкәрия Кәрібаев пен халық ақыны Н.Ахметбековтың күйлерін , сондай-ақ жергілікті сазгерлердің шағармаларын көпшілікке таныстыру еді. Бұл Алматыдағы «Сазген», Арқалықтағы «Шертер» ансамбльдерімен қатар дүниеге келген ұлттық сипаттағы өзгеше өнер отауы. Әуесқой ансамбль дегенімен , кәсіптік деңгейде көтерілген өнер ұжымы. Ансамбльдың 20-жылға тарта ғұмырында ұдайы өсу белестері байқалып отырды. Оның даңқы шартарапқа жетіп , сол арқылы Мозамбик, Иордания және Сирия елдеріне танылды . Б.Хамзинның сазгерлік тұңғыш туындысы «Ұялмашы қалқатай» әнінің сөзін жазушы Бекболат Әдетов жазған.Бұл әнді сазгер асыл жары Күнзипа апайға арнап жазған. 1970 жылы Торғай облысының ашылуына орай «Жас отау» жергілікті жазушы Таңатқан Сәтбаевтың сөзіне әнін жазды.
Сазгер ән шығарумен 1961 жылдан бастап айналысқан, Ол әр түрлі тақырыпқа арналған 20 дан астам әндердің авторы.
1966 жылы халық творчествосын дамытудағы қосқан үлесі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар ,1967 жылы СССР композитрлар одағының секретариятының дипломының иегері, Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінің грамотасымен ,1970 жылы Ленинның туғанына 100-жыл медалімен,1971 жылы Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағын алды. Жеңістің 40-жыл-на халық творчествосының І-бүкілодақтық фестивлінің лауреаты болды. Б.Хамзин өнер жолына түскенде көп көңіл бөлген саласы – актерлық қызмет. Сонымен қатар Торғай халық театрының негізін қалаушыларының бірі. Жастарды өнерге үгіттеп, тәрбиелеп, сахнаға әкеліп, мәдениет ошақтарын қайтадан құрды.Болат аға қай жанрда болмасын, ролді өз деңгейінде шағаратын болған. Сондай тәрбиенің арқасында халық театрынан бірнеше жергілікті театр актерлер өсіп шықты . Олар : Надим Сафаргалиев, Марат Оспанов, Өзбек Мұқышев,Н.Елеутов, О.Ыбыраев, Р.Ерденова, Б.Молдашев, Күләй Ахметова, және т.б.
Болат Хамзин 1992 жылы 12 ақпанда ауыр науқастан қайтыс болды.
Болат Хамзин –нағыз өнер иесі. Өнерге деген құштарлығы балаларына дарыған. Қыздары Ләззат, Гүлзат , ұлы Айбар да өнер саласында. Зайыбы Күнзипа апай баларымен бірге. Бүгінде туған жерінде өнер мектебі, Ахаң-Жақаң мұражайында арнайы бөлмесі бар, көше бар.
Болат ағаның кейінгі ұрпаққа мирас қылып қалдырған мұрасы- әндері мен күйлері.Ал біздің міндетіміз, ағаның өнегелі өнерін қастерлеп сақтай білу, насихаттау.