Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

23 сәуір 2020 жыл Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

23 сәуір 2020 жыл

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

 

ӨСЕРОВ ӘНУАР

1924 жылы 28 қарашада Қостанай облысы Торғай ауданы Тосын ауылдық кеңесінің Қарақамыс деген жерде туған. Ұжымшарда түрлі жұмыстар істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІ Украин майданы, 7 бригада, 30 батальонда 1943 жылы Днепр өзені бойындағы Кременчуг қаласында соғысқа кірген. Корсунь-Шевченко айқасына қатысқан. Украина азат етілген соң, Молдавия жерінде болған. Румынияны, Венгрияны азат етуге қатысқан. Одан әрі Австрияға өтіп,шекарадағы Ло қаласын азат етуде болған. Осында соғысты аяқтады. «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарын, Жеңістің, Қарулы Күштердің елеулі жылдарының белгілерін алды. Кейін Закарпат әскери округінде кіші сержант, бөлімше командирі болып қызмет атқарған. І дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері. 1949 жылы елге оралған. Аудандық партия комитеті Тосын мал отарында «Қызыл Отау» меңгерушілігіне жіберілді. Кейін Торғай МТС –де есепші болды. Ұжымшарда бухгалтер, кеңшарда директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2007 жылдың 1 наурызы күні қайтыс болды.