Бүгін 21 мамыр, Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбілдің туған күні.
ӘБІЛ ҚОНЫСБАЙ (21.05.1954 ж.т., Жангелдин ауд.- 3.12.2022 жж) – журналист, сықақшы, айтыскер-ақын, Қазақстанның халық ақыны (1999). 1977 ж. Қазақ мемл.ун-тінің журналистика ф-тін бітірген. Еңбек жолын Жангелдин ауд. «Жаңа өмір» газетінде бастап, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1980-85 ж.респ. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. 1985 ж. обл. «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары, 1990 ж «Арқалық таңы» газетінің редакторы, 1991-95 ж. Торғай обл. телерадио к-тінің төрағасы болып істеді. 1999 ж Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының төрағасы болып сайланды. 1998-2007 ж. аралығында Астана қ.тілдері дамыту басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұдан кейінгі жылдары Астана қ. әкімдігінде тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде респ.газет-журналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары К.Шәкеев, Ә.Қалыбекова, Ә.Беркенова, Қ.Бердіғалиев, Ерік Асқаров, Серік Құсанбаев, т.б. суырып салма саңлақтармен сөз сайысына түскен. 1990 ж Балқы Базардың 150 жылдық мерейтойы құрметіне Ташкент қ-нда өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының халықар.айтысында бас бәйгеге ие болды, ақындардың осы жылғы респ.ІІІ айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдық тойларында оза шауып жүлде алды. Ә.Торғай өңірінде айтыс өнерінің жандануына сүбелі үлес қосты. Арқалық қ-ның құрметті азаматы. «Парасат» орденімен марапатталған.
Әбіл қонысбай