ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
? Бүгін 21 мамыр- мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесіне орай Қостанай қаласы “Жастар” сарайында мерекелік концерт және үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали кәсіби мейраммен құттықтап, Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ведомствалық наградалар мен грамоталар тапсырды. Торғай мұражайлар кешенінің қор сақтаушысы Алимбаева Асел Базарқызы Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Республикалық “Рухани қазына” фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінде “Аудандық маңызы бар музейдің үздік қызметкері” номинация бойынша Торғай мұражайлар кешенінің әдіскері Аубакирова Альбина Дулатқызы жеңімпаз атанды.
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б.Атамұратовтың грамотасымен музейдің әдіскері Амантай Мадина Әділқызы да осы кеште наградталды.
Марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз? мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! Ел мәдениетін дамыту жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1574-tty-tajmyz-2.html#sigFreeIda09c7883a6