Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

Бүгін 24 мамыр, ұстаз, ақын Ғалымбек Әбілхайыровтың туған күні

Бүгін 24 мамыр, ұстаз, ақын Ғалымбек Әбілхайыровтың туған күні.
ӘБІЛҚАЙЫРОВ ҒАЛЫМБЕК (1942 ж-2012ж) Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында туған. 1960 ж. Ы.Алтынсарин атындағы Торғай қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, бұрынғы Н.К.Гоголь атындағы (қазіргі Қорқыт ата атындағы университет) Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түсіп, оның филология (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша) факультетін 1965ж. бітірген. Ғ.Әбілқайыров жоғарғы санаттағы мұғалім болған. Өзі өлең жазған. Өлеңдері республикалық, облыстық газеттерде жарияланып жүр. 2005 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан «Көңілімнің шуағы» атты жыр жинағы жарыққа шықты. «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» әнінің сөзін жазған ақын