Бүгін 27 мамыр күні гидротехник, қоғам қайраткері, жерлесіміз Қыпшақбаев Нариман ағамыздың туған күні. Мерейлі жасыңызбен құттықтаймыз?Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз?
ҚЫПШАҚБАЕВ НАРИМАН - (27.05.1934 ж.т., Жангелдин ауд. Қызбел а.). Қазақ Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі (1980). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1958). Еңбек жолын Түрген өз-н бақылайтын су маманы ретінде бастап, 1958-60 ж. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық суландыру жүйесі басқармасы су пайдалану бөлімінің бастығы, 1960-69 ж. Қазақ КСР Мелиорция және су шаруашылығы министрлігіндегі аға, бас инженер, бөлім бастығы, 1969-74 ж. Семей обл. кеңесі Мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, 1974-81 ж. министрдің орынбасары, Қазақ КСР-ның Су пайдалануды реттеу және қарғау жөніндегі бас мемл. инспекторы, 1981-88 ж. Қазақ КСР Мелиорация және су ш. министрі, 1988-96 ж. министрдің 1-орынбасары, ҚР-ның су қорлары жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы, Орт.Азия мемлекеттерінің су мәселелері жөніндегі ғыл. –ақпараттық орт. бөлімшесінің директоры сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған (1985-90), екі мәрте «Құрмет белгісі» (1973,1976), Еңбек Қызыл Ту (1981) ордендерімен марапатталды.