Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

 

q

24 сәуір 2020 жыл Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді.

24 сәуір 2020 жыл

 

Жеңіске 75 жыл. Тарих сыр шертеді .

«Торғайлықтар соғыс майданында» - « Отты жылдар шежіресі » циклы

НАРМАҒАМБЕТОВ ҚАЙЫРБЕК

1919 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылының Тай деген қыстауында дүниеге келген. Ол Көкалат мектебіне қабылданып, сол үш жылдық мектепті бітіріп, колхоз жұмысына араласады. 1939 жылы қыста Торғай әскери комиссариатынан азаматтық борышын өтеуге Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Воронеж облысының Брянск қаласының Алексеевка станциясында арнаулы оқу жаттығудан өтеді. Қол пулеметін (ручной) жетік меңгерген, жаяу әскер қатарындағы жауынгер 1940 жылы қыста финн соғысына аттанады. Бір жылдан кейін фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысады. Жас жауынгер 774 дивизияның бірінші батальоны, үшінші рота қатарында Украинаның Харьков қаласын, Белоруссия астанасы Минск қаласын, Польшаны азат етуге қатысады. Бір шайқаста жарылған бомбаның ұшқыны тиіп, көзден жарақат алған жауынгер Варшава қаласында госпитальда емделеді. 1945 жылы босап туған еліне оралады. Соғыстан кейін колхоз одан кейін совхозда жұмыс істейді. 1947 жылы семья құрған. Отыз бес жыл қойшы болып еңбек етіп зейнеткерлікке шығады. Ардагер өзінің зайыбы Нармағамбетова Кабирамен Аралбай ауылында бес бала өсіріп, одан он екі немере сүйді. Майданда көрсеткен еңбегі үшін көптеген медаль-ордендермен, Жеңістің, Қарулы Күштердің айтулы жылдарында мерекелік белгілермен атап өтілді. Сондай-ақ Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалімен марапатталған. Отан соғысының ардагері 2007 жылы дүниеден өтті.