Бүгін 12 қаңтар, ел перзенті, Торғайды түлеткен тұлға, қоғам және мемлекет қайраткері Жақан Қосабайұлының туған күні.
ҚОСАБАЕВ ЖАҚАН - (12.01.1941-2007ж) Жангелдин ауд.Тамқамыс а.т. қоғам және мемлекет қайраткері. Ресейдің Челябинск қ-ндағы а.ш институтын (1965), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1959 ж. Сталин атындағы ұжымшарда бастаған. 1965 ж.аудан орталығындағы кәсіптік білім беретін уч-щеде оқытушы, «Торғай» кеңшарында автогараж меңгерушісі (1966), «Южный» кеңшарында бас инженер (1967) қызметтерін атқарды. 1967 ж. Жангелдин ауд. Комсомол к-тінің 2-хатшысы болып сайланды, 1970 ж. «Речной» кеңшары партия ұйымының хатшысы, 1973 ж. ауд.партия к-тінің нұсқаушысы, 1974 ж. «Қызбел»кеңшары партия ұйымын басқарып, 1975-81 ж. аралығында «Албарбөгет» кеңшарының директоры болды. Жақан басқарған кезеңде кеңшар қой шаруашылығын дамытуда үздік көррсеткіштерге қол жеткізіп, Бүкілодақтық Қызыл Туды жеңіп алды. 1981-85 ж. халық депутаттары Жангелдин ауд. атқару к-тін басқарды, 1985-87 ж. Торғай обл.жергілікті өнеркәсіп басқармасының бастығы, 1987-91 ж. Қазақстан компартиясы Жангелдин ауд.к-тінің 1-хатшысы, аудан әкімі қызметін атқарды. 1991-92 ж. Торғай обл. а.ш басқармасының бастығы, 1992-95 ж. облыс әкімі болып істеді Торғай кентінде бір жылдың ішінде арнайы бағдарламамен 300 үйдің салынуы Жақанның еңбегі. Қ-тұсында Торғай мұражайлар кентіне айналды, көшелерге асфальт төселіп, екі қабатты почта ғимараты, әмбебап дүкен, «Шаңырақ» мейрамханасы, «Топжарған» және кеңшарлар орт-тары, стадиондар, аэропорт алаңы іске қосылды, бірнеше елді мекенге жылу жүйесі тартылып,мешіт ашылды. Торғай кентінде обл.спартакиада өткізілді. Қ-тың ел мен жер тарихына арналған «Торғай дуан» (1995), «Туған жер деп толғандым» (2008) кітаптары баспадан шықты. Қайраткер бірнеше рет ауд,обл.кеңестерге депутат болып сайланды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1585-b-gin-12-a-tar-el-perzenti-tor-ajdy-t-letken-t-l-a-o-am-zh-ne-memleket-ajratkeri-zha-an-osabaj-lyny-tu-an-k-ni.html#sigFreeId4dbc86eed6