9 қаңтар күні, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мектептің іргетасы қаланғанына 160 жыл толуына арналған «Жарқырайды болашақтың таңындай, Ыбырайдың жаққан білім шырағы» тақырыбында телекөпір ұйымдастырды. Телекөпірде Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Гүлбану Құлетқызы қатысып, қазақ даласындағы тұңғыш мектептің тарихын баяндады. Торғай мұражайлар кешенінің қызметкері Альбина Дулатқызы мектеп орнына салынған Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық музейіне онлайн-саяхат жасады. Іс-шараға Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия, Аманкелді ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектебі, басшылары, ұлағатты ұстаздар және оқушылар қатысты.
Қатысушылар облысымыздағы Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордаларының тарихын біліп, Ыбырай Алтынсариннің мектеп ашу ісінің мәнін тереңірек ұғынғандай болды.
https://muzei-torgai.kz/novosti-kz/1587-zhar-yrajdy-bolasha-ty-ta-yndaj-ybyrajdy-zha-an-bilim-shyra-y-ta-yrybynda-telek-pir-jymdastyrdy.html#sigFreeIdf37fe4a3d1